Лекция 1

Тақырыбы: Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу. ЖФм МГ мақсаты мен мiндеттерi, басқа ғылымдармен байланысы.

Жоспар

1. Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы пәніне кіріспе, әрі қысқаша шолу.

2. ЖФ м МГ мақсаты мен мiндеттерi, басқа ғылымдармен байланысы.

 

Физиология - бiр тұтас тiрi организмдерде жұретiн процесстердi, олардың iске асу механизмiн зерттейдi. Ал жас физиологиясы болса осы физиологияның өзiнше бiр саласы болып табылады.  Ол адам организмiнiң әр тұрлi кезеңiндегi ерекшелiктерiн зерттейдi(греч. ontos— тiрi зат, өкiл; genesis—даму). Онтогенез организмдердiң жеке дамуы - зигота пайда болғаннан өлгенге дейiнгi өзгерiстер),“logos” (iлiм) – грекше сөзден алынған. Денсаулық-физикалық, психикалық, рухани жәәне әлеуметтiк болып бөлiнедi.

Жас ерекшелiктер физиологиясынiң психология мен         педагогикадағы маңызы Жас өспiрiмдер физиологиясынiң психология мен педагогикадағы маңызы - ғалымдармен әлдеқашан дәлелденген нәрсе.

Тәрбие мен оқытудың педагогикалық тиiмдiлiгi балалардың анатомо-физиологиялық ерекшелiктерiн, даму кезеңiнiң ерекшелiктерiн, ол кезеңде оларға қандай фактарлар оң әсер ететiнiн,  жоғарғы тiтiркенгштiгi мен организмнiң сыртқы әсерлерге төзiмдiлiгi төмендегенiн қаншалықты ескерiулерiне байланысты.  Балалардың физиологиясын бiлу -  физкультура сабақтарын өтуде оқытудың тиiмдi әдiстерiн таңдап алуға, әртұрлi қимылдар әдiстерiн ойлап табуға, балалар организмiн неше тұрлi қимылдарға шынықтыруға, мектептерде дене тәрбиелiк-сауықтыру жҰмыстарын дҰрыс жолға қоюға мұмкiндiк бередi.

Жас өспiрiмдер физиологиясы балалардың жас ерекшелiктерiне байланысты психологиясын тұсiнуде маңызы зор. Балалар жұйкесi қызметiн балалар организмiнiң әр тұрлi даму сатыларында психикалық және психофизиологиялық қызметтерi өзгешелiктерiн анықтау жолында жастарына байланыстыра объективтi зерттеу  ол қызметтердiң орындалу механизмiн анықтайды.  Балалардың ақпарат-информация қабылдау, аңғарымпаздығы, бiлуге қҰштарлығы қай даму кезеңдерiнде жоғары болатындығын тұсiндiрiп, педагогикалық процесстердiң бағытын анықтауға мұмкiндiк бередi.

Валеология пәнi мен мiндеттерi. Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дұниежұзiнiң барлық елдерiндегi ,сонымен бiрге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуiр нашарлауына және ғҰмыр Ұзақтығының қысқаруына байланысты –адам денсаулығы туралы ғылым болып қалыптасты. Адам денсаулығының негiзгi көрсеткiштерiнiң төмендеуi, көптеген отандас және шетел ғылымдарының негiзгi пiкiрлерiне қарағанда денсаулық туралы iлiм жаңалықтарынан адамдардың немқҰрайлылығына да байланысты. Адам денсаулығының-балалар мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейдi. Осы арқылы балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтау мен жоғарылату бағытында, организмдерiнiң жанжақты дамып, оның мұмкiншiлiгiн жетiлдiру бағытындағы гигиеналық нормативтер мен талаптар жасалынады.

Балалар мен жасөспiрiмдер гигиенасы педагогиканы оқу-тәрбие жҰмыстарын, оқушылардың кұн тәртiбi мен демалысы режимдерiн,  балалар тамақтануын, бала тәрбиесi орындарын қалай соғу мен басқа да объктiлермен жабдықтау жөнiнде ғылыми негiзделген Ұсыныстармен қамтамасыз етедi. Мектеп гигиенасының негiзгi талаптары балалар мекемелерiн жабдықтауда да пайдаланылады. Атап айтсақ оларды қыста жылумен қамтамасыз ету,  сумен, ауыз суымен қамтамасыз ету, канализация, желдетiлу мен жарықпен қамтамасыз етуде жетекшiлiкке алынады.

Оқушылардың гармониялық дамуын қамтамасыз етуде, олардың денсаушылығын нығайтуда балалардың антомо-физиологиялық ерекшелiктерi ескерiлген жағдай мен режимдi ғана сақтап қоймау керек. Сонымен қатар олардың өсуi мен дамуы, жҰмыс қабiлетiнiң артуын, организмнiң қызмети мұмкiндiктерiн арттыру, олардың бейiмделу ауқымын кеңейту бағытында педагикалық жҰмыстар жұргiзiлуi тиiс.

Осы “Жас өспiрiмдер физиологиясы” курсы мен “Мектеп гигиенасын” бiрiктiрiп отырған себебiмiз болашақ оқытушы-тәрбиешiлердi қазiрге белгiлi дамып, өсiп келе жатқан организм ерекшелiктерiмен, оның даму заңдылықтарымен таныстыру. Олар оны өз қызметтерiнде балалалр мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын сақтап, нығайтумен қатар әртұрлi оқу, еңбек жҰмыстарында жоғары жҰмысқа қабiлеттiлiн арттыру мақсатында жҰмсаулары керек.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.     Валеология пәнi мен мiндеттерi.

2.     Жас өспiрiмдер физиологиясы балалардың жас ерекшелiктерiне байланысты психологиясын тұсiнуде маңызы

3.     Жас ерекшелiктер физиологиясынiң психология мен         педагогикадағы маңызы

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999

 

 

 

Лекция 2.

Балалардың өсуi мен дамуының жалпы зандылықтары.

 

  1. Балалардың өсуi мен дамуының жалпы зандылықтары
  2. Жас кезеңдерi
  3. Түрлi даму сатыларындағы өсу мен дене мұшелерiнiң арақатынасы.

4. Организмнiң физикалық дамуы- қоғамның денсаулығы мен әлеуметтiк жағдайының маңызды көрсеткiшi.

 

Өсу мен даму барлық тiрi материя қасиеттерi.  Ол адамдарда зигота тұзiлгеннен басталып, өмiр бойы жалғасады. Даму процесi бiрқалыпты жұрмейдi. Тiршiлiк кезеңдерiнде өсу мен даму жұруi секiрiстермен сипатталады. Ол дегенiмiз белгiлi бiр  өсу, даму кезеңдерi арасында бiрқалыпты жұрмеуi. Мысалы, бiр жылдары балалар бойы 5 см өссе, екiншi бiр жылы 15 см өсуi. Осы сияқты жағдай бiр кө қарағанда көзге көрiнбегенмен олардың санасында да, қабiлеттiлiнде де болады екен.

Балалар организмiнде осындай физиологиялық жұйелер дамуының ерекшелiктерi олардың осы даму кезеңдерiнде организмдерiнiң қалыптан тыс екендiгiн (неполноценности) көрсетпейдi. Балалрдың  қандай да болмасын өсу кезеңдерi осындай өз ерекшелiктерiмен сипатталады.

Даму деп адамдар организмiнде болатын, олардың қҰрылымдары мен жұйелерiн, олардың  арақатынастарын кұрделiлендiре тұсетiн сандық және сапалық өзгерiстердi айтады. Даму мына ұш фактордан тҰрады:  өсу, органдар мен ткандардың дифференциациясы немесе жiктелуi және бiтiм қалыптасуы (формообразование) немесе организмнiң белгiлi бiр қалыпқа келуiнен тҰрады.  Аталған факторлар, әрине бiр-бiрiмен тығыз байланысты жұредi.

Балалар организмiнiң ересектерден бiр негiзгi физиологиялық ерекшелiгi оның өсуi. Ол балалар массасының ұздiксiз жоғарылауы. БҰл жағдайда әрине клетка саны да, көлемi де көбейедi. ґсу кезiнде клетка сандары, организм массасы, антропометриялық көрсеткiштер өседi.  Мысалы  сұйек, өкпе сияқты органдар мен ткандарының өсуi клетка санының көбеюiмен сипатталса, ет, нерв сияқты ткандардың өсуi клетка көлемдерiнiң Ұлғаюымен де сипатталады. Осылай болғандықтан да дененiң семiру, суының молаюы арқылы ауырлауы өсуге жатпайды. Организм өсуiнiң дәлдеу, туралау көсеткiшi ретiнде ондағы белок мөлшерi мен сұйектер көлемiнiң Ұлғаюын айтуға болады.

Организм дамуын кезеңдерге бөлу

Жас кезеңдерi. Қазiргi кезде жалпы қабылданған даму, өсу кезеңдерi жоқ. Дегенмен 1965 жылы Мәскеуде өткен симпозиум оны былай бөлудi Ұсынды:

I нәресте - 1-10 кұн;

II емiзулу кезең - 10 кұн мен 1 жастың арасы;

III бастапқы балалық шақ- 1 мен 3 жас арасы;

IV бiрiншi балалық кезең - 4 пен 7 жас арасы;

V екiншi балалық шақ - ер балаларда 8-12 жас арасы, қыз балаларда 8-11 жас араларында;

VI жасөспiрiмдiк кезең -  ер балаларда 13-16 жас арасы, қыз балаларда 12-15 жас араларында;

VII бозбалалық кезең, бойжеткендiк кезең -  ер балаларда 17-21 жас арасы, қыз балаларда 16-20 жас араларында;

Осылай кезеңдерге бөлу кезiнде мына сияқты белгi-қасиеттер комплексiне назар аударылды: дене мен органдар көлемi, массасы, қаңқа сұйектенуi, тiстер шығуы, iшкi секреция бездерiнiң дамуы, жыныстық даму дәрежесi, бҰлшық ет дамуы сияқты белгiлер алынды. БҰл жобада балалар мен қыз балалардың ерекшелiктерi де еске алынды. Десекте,  биологиялық адам жасын анықтауда , организмнiң функционалдық мұмкiндiктерiн көрсететiн оның ақпараттық көрсеткiштерiн әдiстi одан әрi жақсартуды талап етедi.

Әрбiр жас кезеңi өз ерекшелiктерiмен сипатталады. Оның бiр кезеңiнен екiншiсiне ауысу кезеңi шешушi момент болып табылады. Оны қатерлi кезең деп атайды. Олардан атап айтсақ: 1. 2 жас пен 3,5 жас аралығында, балалардың жұруiмен байланысты; 2. 6 мен 8 жас аралығында, мектепке баруымен байланысты; 3. 11 мен 15 жас аралығында, жыныстық жетiлуiмен байланысты.

Әрбiр кезең Ұзақтығы тҰрақты көрсеткiш емес, өзгерiп отырады. Ол ең алдымен әлеуметтiк факторларға байланысты.

Әртүрлi даму сатыларындағы өсу мен дене мұшелерiнiң арақатынасы. Бала организмiнiң өсу процесi бiрқалыпсыздығымен, толқын сияқты жұруiмен сипатталады. Жылдам, қарқынды өсу баялаумен ауысып отырады. Оны балалар өсуiн графикалық жолмен бейнелегенде оңай көз жеткiземiз.

Бала жаңа туған кезде қарқынды өсетiн болса, екiншi оның қарқынды жұруi жыныстық жетiлу кезеңiне сәйкес келедi. Балалар бойы бiр жыл iшiнде 7-8, кеде 10 см-ге дейiн Ұзарады. әсiресе 11-12 жасар қыл балалар өзi қатар ер балаллардан қарқынды жұредi. Ол қыз балалардың ер балалармен салыстырғанда ертерек жетiлуiне байланысты. 13-14 жасар қыз балалар мен ер балалар өсуi бiрдей дерлiк. Ал, 14-15 жастан бастап ер балалалр қыз балаларды өсу жағынан басып озады. Осындай ер балалардың бойларының қыз балалардан жоғары болуы өмiр бойы сақталады.

Предубертат кезеңiнде, немесе жыныстық жетiлу кезеңi басталмастан алдын ер бала мен қыз бала дене бiтiмiндегi жыныстық ерекшелiктер байқалмайды.  Ал жыныстық жетiлу кезеңiнде, немесе пубертат кезеңiнде бойжеткендермен салыстырғанда бозбалалардың аяқтары Ұзарып, кеуделерi қысқарғандай болып көрiнедi.

Дене бiтiмiнiң Ұзындық және ендiк арақатынасыны өзгеруiн ұш кезеңге бөлуге болады:  4 пен 6 жас арасында, 6 мен 15 жас арасында және  15 жас пен ересектiк кезең арасында.  Предубертат кезеңiнде жалпы өсу аяқ Ұзындығына байланысты болса, пубертат кезеңiнде кеуде Ұзындығының өсуiне байланысты болады.

Дененiң әр тұрлi бөлiктерiнiң өсу қисық сызығы, және де көптеген органдар өсуiнiң қисық сызығы балалар бойының өсу сызығымен сәйкес келедi. Десекте, бiрқатар органдар мен дене бөлiктерiнiң өсу сипаты басқаша да болып келедi.  Мысалы, жыныс органдары жыныстық жетiлу кезiнде қарқынды өсетiн болса, лимфа ткандары бҰл уақытта өз өсуiн тоқтатып ұлгередi. 4 жасар балалардың басы ересектер бастарының 75-90%-iн қҰрайды. Ал басқа қаңқа бөлiктерi  4 жастан кейiн де қарқынды өсе бередi.

Организмнiң физикалық дамуы - қоғамның денсаулығы мен әлеуметтiк жағдайының маңызды көрсеткiшi. Физикалық дамудың басты көрсеткiштерiне бой, масса және кеуде орамы мөлшерi жатады. Дегенмен, балалардың физикалық дамуын бағалағанда сомалық көрсеткiшиермен қатар (somo- дене) өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы,  жҰдырықты сығу кұшiне, стан кұшi сияқты физиометриялық көрсеткiштер мен сұйек-ет жұйесi дамуының, қантолу, майжиналу, көрсеткiштерi, жыныстық дамуы, дене бiтiмiнi ауытқулары сияқты соматоскопиялық  көрсеткiштерге де қарайды. Осы жоғарыда аталған көрсеткiштердi жетекшiлiкке ала отырып ғана балалардың физикалық даму дәрежесiн анықтауға болады.

Бiз жоғарыда  атап өткен адамдар даму көрсеткiштерi 19 ғасырдың ақыры, 20 ғасырдың басында қарқынды өсуi байқалған. Осы қҰбылысты акселерация қҰбылысы деп атайды (лат. accele-ratio— ұдеу). Сонымен қатар өсу мен дамудың тежелуi де болуы мұмкiн. Ол қҰбылысты ретардация деп атайды.

 

Бақылау сұрақтары

 

1. Организм дамуын кезеңдерге бөлу

2. Дене бiтiмiнiң Ұзындық және ендiк арақатынасыны өзгеруiн қанша кезеңге бөлуге болады

3. Даму деген не

4. Өсу деген не

5.Балалар организмiнде физиологиялық жұйелер дамуының ерекшелiктерi

 

Әдебиеттер

 

1.Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негiздерi. Алматы, Абай атындағы АЛМУ. 1985 .

2.Алиакбарова З.М. Мектеп жасындағы балалардың анатомиясы,физиологиясы және мектеп гигиенаының негiздерi. Алматы, РБК,1993.

3.Сатпаева  Х.Қ. Валеология-денсаулық туралы ғылым. Алматы.Ғылым ,1999